«Айына 20 миллион табыс түседі»: Үй тазалаушы жігіт өзін мазақтайтындарға жауап берді

19.06.2024, 13:36
1504
«Айына 20 миллион табыс түседі»: Үй тазалаушы жігіт өзін мазақтайтындарға жауап берді Бейнежазбадан

Клининг компаниясында 200-ге жуық адам жұмыс істейді.

Әлеуметтік желіде танымал жас кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет өзін сыйнайтындарға жауап берді. Ол өз кәсібін клининг саласында ашқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жас кәсіпкер  Abylaikhan Omirbay ютуб арнасына берген сұхбатында әңгімеледі.

“Мен туралы мазақтап айтады. Оған мән бермеймін. «Қыз сияқты майысып жүресің» деп жазып жатады. Менің бұл образым. Мен өмірде, әлеуметтік желіде сондаймын. Туылғаннан бері осындаймын. Бұл менің қабілетім. Мен одан ұялмаймын. Себебі қалай Алла тағалам жаратты – солай әрі қарай жүріп, өз жұмысыңды жалғастырып кетесің. Маған осы кісілер айтты екен деп, "Мен енді алжапқыш тақпаймын", "Дәретхана жумаймын не болмаса әлеуметтік желілердегі қызық тиктоктарға түспеймін" деп тоқтап қалмаймын. Өйткені бұл – менің жеп отырған наным, отбасымды асырап отырмын. Осы кәсіп арқылы көлік алып жатырмын және "бір оқпен екі қоянды атып жатырмын" десем де болады, өзімнің жеке блогымды жүргізіп жатырмын. Осы блог арқылы жарнамаға да түсемін, одан да қосымша табыс түседі. Сол үшін жазылған пікірлерді көңіліме алмаймын. Керісінше, олар мені көтеріп жатыр. Сол арқылы мен дамып жатырмын", – дейді ол.

Блогер жігіт қазіргі таңда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отыр.

«Қазіргі кезде командамда 130-ға дейін қыздар істейді. Одан бөлек қырық ер бала істейді. Олар химчисткада жұмыс істейді. Сонда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырмын. Астанадан бізге көп ұсыныстар түседі. Сондықтан осы жақтан ашылып жатырмыз. Құрылыс компаниялары да көп, өнер жұлдыздарының жартысы да осы жерде ғой. Қазіргі кезде штат көбейді, табысымыз артты. Орта есеппен алғанда айына 20 миллион табыс табамын. Бізге Алматыдан ұсыныс көп түседі», - дейді блогер жігіт.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді