Қазақстан нашақорлыққа қарсы күреске айрықша мән береді – Президент

19.06.2024, 18:59
610
Қазақстан нашақорлыққа қарсы күреске айрықша мән береді – Президент Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесу барысында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды. 

– Сіздің миссияңыз өте маңызды. Біз мұны нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Елімізде бұл мәселеге айрықша мән беріледі. Жуырда Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзімде есірткі өндірумен және оны халық арасында таратумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату тұрғысынан заңнаманы қайта қарау қажет екенін айттым. Сіз Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының жетекшісі ретінде адамзат мүддесін көздейтін маңызды миссияны атқарып келесіз. Қазақстан Комиссиямен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын, – деді Президент.

Александр Квасьневский есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Квасьневский есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткіні заңсыз таратуға қарсы күресу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады