Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадр даярлау үшін университеттерге өз базасын бермек

19.06.2024, 19:33
685
Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадр даярлау үшін университеттерге өз базасын бермек gov.kz

Ұлттық ядролық орталықта ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки бастаған еліміздің жетекші жоғары оқу орындары делегациясының сапары аясында ҚР ҰЯО эксперименттік базасында ғылыми зерттеулер жүргізу және атом энергетикасы үшін кадр даярлау мәселелері талқыланды.

Вице-министрдің айтуынша, білікті кадрларды даярлау – Қазақстанның атом энергетикасын ойдағыдай дамытудың өте маңызды бөлшегі, сондықтан жоғары оқу орындары мен ғылыми кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажет.

Талқылауға Қазақстан-Британия техникалық университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректорлары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері қатысты. Нәтижесінде тиісті меморандумға қол қойылды.

Ұлттық ядролық орталық жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі бола отырып, атом энергетикасы, радиоэкология, термоядролық синтез, геофизика саласындағы мәселелерді ойдағыдай шешіп келеді. Орталықта ядролық зерттеу реакторларынан, КТМ токамагынан, зертханалық жабдықтардан және басқа да аспаптар мен қондырғылардан тұратын бірегей ғылыми-техникалық және өндірістік базасы жұмыс істейді. Қазіргі атом энергетикасы қауіпсіздігі мәселелерін шешуге ерекше назар аударылады.

«Бүгінгі таңда кәсіпорынның басты құзыретінің бірі әлемдік атом-энергетикалық технологияларды әзірлеушілермен және өнім берушілермен жүргізілетін перспективалық және қазіргі уақытта қолданылып жүрген ядролық энергетикалық реакторлардың қауіпсіздігін арттыру жұмыстары болып отыр», - деді бас директор Эрлан Батырбеков.

Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО-да қызметкерлердің өзін-өзі танытуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, кадрларды даярлау және қайта даярлау жұмысы жолға қойылған, диссертацияны өндірістен қол үзбей қорғауға айрықша мүмкіндік беріледі, өңірлік университеттер кафедраларының 3 филиалы жұмыс істейді, кәсіпорынның басшылығы мен қызметкерлері 3 диссертациялық кеңестің тұрақты құрамына кіреді. Сондықтан осы бағыт бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту өте маңызды қадам.

Сапар барысында делегация орталықтың бірқатар объектілеріне, соның ішінде ИВГ1.М бірегей зерттеу реакторына барып қайтты. Бұл реактор конверсиялау бойынша сәтті жүргізілген ауқымды жұмыстың арқасында 2023 жылдан бастап төмен байытылған урандағы жаңа актив аймақпен жұмыс істей бастады.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады