«Аз тілеме»: Айдарбекова келінімен бірге тұрғысы келмейтін Меруерт Түсіпбаеваға кеңес берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.06.2024, 21:20
5621
«Аз тілеме»: Айдарбекова келінімен бірге тұрғысы келмейтін Меруерт Түсіпбаеваға кеңес берді (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Келін түсірген Меруерт Түсіпбаеваға продюсер Гүлзира Айдарбекова ақылын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында келінімен бірге тұрғысы келмейтінін айтып, видео түсірді. 

Осы сәтте дастархан басында отырған Гүлзира Айдарбекова әншіге ақыл-кеңесін айтып, тілекті де дұрыс сұрау қажет екенін түсіндірді. Видеодан Меруерт Түсіпбаева мен Гүлзира Айдарбекова продюсердің келінінің қолынан шай ішіп отырғанын байқауға болады. Сәлден соң келінімен бірге тұрғысы келмейтін әнші Қайрат Нұртастың анасын түсіре бастайды. 

"Меруертке "өзіңді ешқашан тоқтатып қойма, аз тілеме" деймін. Өйткені "түйе сұрасаң бие береді" деген сөз бар. Адам тілеу тілеген кезде "Алла, біліп-білмей істеген күнәларымды кешір" деп бастайды. Одан кейін "келінді адалынан берсін" деп сұрайды. 

Сосын Құдай берген құдаң болған соң мыңжылдық құда болуын тіле. Одан соң келінің мен ұлың ешқашан ажырамағанын, отбасың берік болып, үлкен әулетке айналуын тілей бер, жаным", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Продюсер Меруерт Түсіпбаеваның жалғыз ұлы Нұрғисаға да ақыл-кеңесін айтты. 

"Нұрғиса, Алла қаласа, анашың мен сияқты келіннің қолынан шай ішсін. Біз барған кезде осылай ыстық шай беріп тұрсын. Біз де тәтті шайын, көрімдігін беріп кетейік. Анаңның көзінің ағы да, қарасы да, үміті де өзіңсің. Сол анаңның барлық арманы орындалсын, сен анашыңды бақытқа жеткіз. Ол – халықтың адамы. Әрине, жұрттың көз алдында боласың. Сол себепті ешқашан ұятқа қалдырмай, бірінші анаңды ойлашы. Анаңды бақытқа жеткізсең, қалғанының бәрі реттеле береді", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді