Ұлыбританияның ең бай адамдары құл саудасы үшін сотқа тартылды

23.06.2024, 14:30
733
Ұлыбританияның ең бай адамдары құл саудасы үшін сотқа тартылды AFP 2024 / Gabriel Monnet

Ұлыбританияда ең бай адамдар қатарына кіретін Хиндуджа отбасының төрт мүшесі құл саудасымен айналысты және адамдарды еңбек құлдығында ұстады деген айыппен сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотқа тартылғандар қатарында ерлі-зайыпты Пракаш мен Камала Хиндуджа, олардың ұлы Аджай мен жұбайы Намрата бар.

Айыптаушының дерегіне сәйкес қылмыс Женевадағы Хиндуджа отбасылық вилласында орын алған. Женевалық прокурор Ин Бертосса оларды ұзақ мерзімге қамап, миллиондаған айыппұл төлеуге шақырды. 

BBC мәліметінше, тағылған айыпқа сәйкес миллиардерлер Үндістаннан үйге қызметші жалдаған. Жаңа қызметкерлерді Швейцария арқылы жіберген, кейін құжаттарын тартып алып, үйден шығуға тыйым салған. Қызметшілерді 18 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлеп, тәулігіне 8 доллар ғана төлеген. Бертоссаның сөзінше, бұл қаржы Хиндуджаның итіне жұмсайтын ақшадан бірнеше есеге аз. 

Миллиардерлер прокурорлармен келісімге келіпті. Олар еңбек құлдығы бойынша айыпты алып тастау үшін өтемақы төлеуі керек. Дегенмен құл саудасы бойынша айып әлі алынбаған.

Ал Хиндуджалардың адвокаты қызметшілерге тамақ пен баспана берілгендіктен, еңбекақысы аз болғанын айтыпты. Сондай-ақ бала күтушілер миллиардерлермен бірге кино көргенде жұмыс істемейді, сондықтан жұмыс уақыты ұзақ екенін жеткізіпті. Әзірге төлқұжаттарын не үшін тартып алғанын олар түсіндіре алмаған. 

Хиндуджа отбасының байлығы 47 миллиард долларға бағаланады, олар Hinduja Group конгломератын құрған. Еншілес компаниялар автокөлік өнеркәсібі, қаржы, мұнай салалары, медиа мен телекоммуникация, денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды