Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаның» сатып алуындағы ел ішіндегі мүмкіндіктер үлесін арттыруды тапсырды

24.06.2024, 14:45
659
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаның» сатып алуындағы ел ішіндегі мүмкіндіктер үлесін арттыруды тапсырды primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен секторларындағы жобалардың қазіргі жағдайы қаралды. Стратегиялық маңызы бар бастамалар тізбесіне жиынтық сомасы 26,9 трлн теңге болатын 44 жоба кіреді, олардың 11-і бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанда құрылыс кезеңінде 53 мыңнан астам жұмыс орны және пайдалану кезеңінде шамамен 11 мың жұмыс орны ашылатын болады.

Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Биыл 105,1 млрд теңге объектілерді газдандыруға, 272 млрд теңге жалға берілетін тұрғын үй салуға, 680 млрд теңгеден астам сома инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялауға, «Талдықорған – Үшарал» магистральды газ құбыры мен «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салу үшін қаражат тартуға ниетті.

Қор Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытын салуды жалғастырып келеді. Ондағы мақсат – шикі мұнай өндіруді ұлғайту және шикі ілеспе табиғи газды ұтымды пайдалану. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту – полиэтилен шығару жөніндегі газ-химия кешенін және полиэтилен шығаратын зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін газ бөлу кешенін салу жоспарда бар.

Үкімет басшысы қор экономикасын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, барлық еркін өтімділікті стратегиялық маңызды жобаларды іске асыруға және негізгі салаларды қолдауға бағыттауды тапсырды.

Олжас Бектенов қордың сатып алуындағы ел ішіндегі мүмкіндіктер үлесін 88%-ға дейін арттыруды тапсырды (2024 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша игерудегі жергілікті қамту үлесі – 61%).

Айта кетейік, биылғы қаңтар-маусым айларының деректері бойынша отандық өндірушілермен жасалған келісімшарт саны өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2 есе артқан.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды