Депутат Ирина Смирнова Аir Astana компаниясын сотқа бермек

24.06.2024, 17:25
734
Депутат Ирина Смирнова Аir Astana компаниясын сотқа бермек turproezdka.ru

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Аir Astana әуе компаниясын сотқа беретінін мәлім етті.

 

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Ирина Смирнованың айтуынша, 23 маусым түнгі сағат 23:35-те Аir Astana әуе компаниясының ұшағымен Алматыдан Астанаға ұшуы керек болған. Алайда, ол рейс 16:30-да ұшып кеткен.

«Жеті сағат ерте ұшып кеткен. Мен билет сатып алған жерден де, әуе компаниядан да ешқандай хабарландыру алған жоқпын. Тіпті ұшып кете де алмас едім. Өйткені осы уақытта менде бұрын жоспарланған іс-шара болды.Таңертеңгі рейстерге мүлдем билет жоқ. Эконом санатына да, бизнес класқа да болмады. Олар барлық шағымды билеттерді алған компанияға жіберуді ұсынды. Бұған әуе компаниясының өзі емес, басқа біреу кінәлі. Дүйсенбіде мен шағым түсіріп, сотқа барамын», - деп жазды ол. 

«Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсінік берді. 

«23 маусым күні ұшатын Алматы – Астана бағыты бойынша КС 955 рейсі өндірістік жағдайға байланысты сағат 23:35-тен 16:30-ға өзгертілді. 21 маусым сағат 09:48-де, яғни ұшуға екі күн қалғанда брондауда көрсетілген контактіге ұшу уақытының өзгергені туралы SMS хабарлама жіберілді. Жүйеде тиісті ақпарат бар», - деп хабарлады әуе компаниядан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды