Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адамға айыппұл салынды

25.06.2024, 14:42
467
Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адамға айыппұл салынды Polisia.kz

Қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстардың саны бойынша Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Төлеби аудандары көш бастап тұр.

Аталған мәселе Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланды.

Өңірде бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері 100 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Мәселен, кәмелетке толмағандар жасаған вандализм фактілері көшедегі бейнекамераларға түсіп қалған. Атап айтар болсақ, автобус аялдамасының әйнегін, көшедегі тренажер мен ойын автоматын сындырғандарға қатысты заңды шешім қабылданды. Биыл тағы 450 бейнекамера орнату жоспарланып отыр.

Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың сөзіне сүйенсек, Түркістан облысы бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде 42 427 әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілген. Ал, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша 10 614 жағдай анықталған. Қалалар мен елдi мекендердiң аумағын абаттандыруға зиян келтірген 3 736 бұзушылық фактісі тіркелген.

Ал қабылданған шаралардың нәтижесінде осы жылдың 5 айында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 43-ке төмендеп отыр. Жалпы қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстардың саны бойынша Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Төлеби аудандары көш бастап тұр. Қылмыстардың басым бөлігі түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз етілмеген орындарда жасалған.

Маусым айының 20-сы мен 30 күндері республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының 3 кезеңі өтуде. Жеке құрам қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстарды болдырмау, оның ішінде жасөспірімдермен, оларға қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында жан жақты жұмыс істеп жатыр.

Комиссиясының отырысында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін шешу тек полицияның күшімен мүмкін емес екенін айтқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті жерлерде бірлескен жұмыстарды атқару қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, қылмысты төмендету бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты шаралар қабылдауды, осы бағытта жұмысты жалғастырып, қоғамдық қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)