«Көптен күткен баласын өлтірді»: Горький паркінде өз-өзіне қол жұмсаған әйел туралы тың дерек шықты

25.06.2024, 15:57
815
«Көптен күткен баласын өлтірді»: Горький паркінде өз-өзіне қол жұмсаған әйел туралы тың дерек шықты Orda

Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылының Юлия атты тұрғыны 24 маусымда қаладағы демалыс саябағында өзіне қол жұмсады.

Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылының Юлия атты тұрғыны 24 маусымда қаладағы демалыс саябағында өзіне қол жұмсады. Ол шолу дөңгелегінен секіріп, сол жерде мерт болды. Кейінірек, ол үйінде 5 жасар қызын тұншықтырып өлдірді деген ақпарат шықты.

Orda.kz тілшісі Арман ауылына барып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Саябаққа барғанға дейін ол 2018 жылы туған қызы Варвараны үйінде тұншықтырып өлтірген.

Көршілері Юлияның тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, ешқандай ұрыс-керіс естімегендерін айтады. Юлияның күйеуі ІТ маманы болып жұмыс істейді. Олардың отбасылық жағдайы жақсы болған, жақында ғана көлік сатып алған. Жылыны бір рет шетелге демалуға баратын.

Олар бұл ауылда 10 жылдай тұрған. Алматыда да пәтерлері бар. 

Отбасы сәбилерін ұзақ күткен. Көршілері ата-анасының қызына барлық жағдайын жасап, аула ішіне бассейн мен төбешік орнатқанын айтты. Бұл отбасының тағдыры осылай болатынын ешкім ойламаған да. 

Көршілері Юлияның қызын үнемі жетектеп жүретінін, кейде жаздың ыстығында қалың киім киетінін байқаған, бірақ психикалық ауытқуы туралы ештеңе естімеген.

«Өзі де, күйеуі де қыздарын үнемі жетектеп жүретін. Марқұм әйел ыстық кезде қалың киіммен жүретін. Аяғына қалың қыстық етік киіп алып жүргенін барлық көршілер бірнеше рет көріпті. Қызын да қалың киіндіріп қоятын. Бірақ психикалық ауруы туралы естіген жоқпыз. Сырт көзге тым жақсы отбасы», – деді Сарбиноз есімді көршісі.

Юлия әпкесі Яна Афонинаға барып, қызын өлтіргенін айтқан соң, қашып кеткен. Яна дәл сол Максим Горький атындағы саябақтың маңында тұратын. Полицияға да бұл туралы Яна хабарлады. Бұл туралы көршілері де білмеген.

Қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ауыл тұрғындары тек полиция келіп, куә ретінде сөзге тартылған кезде білді.

«Біз полиция келген кезде үйге кірдік. Әкесі өзіне қол жұмсап қоймасын, қарап қойыңыздар деген соң кірдік. Әкесі үн-түнсіз диванда жатыр екен. Ол жұмыстан келіпті. Кішкентай Варварамен үлкен немерем үнемі ойнайтын. Бірақ ешбір кемшілік байқаған емеспіз», – деді тағы бір көршісі Ольга. 

Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, бірақ басқа ақпарат жарияланған жоқ. 

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды