"50 жасында басқа әйелмен көңіл қосты": Белгілі ақын күйеуімен қалай айырылысып кеткенін айтты

25.06.2024, 18:30
1841
"50 жасында басқа әйелмен көңіл қосты": Белгілі ақын күйеуімен қалай айырылысып кеткенін айтты Youtube/Hit TV

Ханбибі Есенқараева жолдасының көңілдесі бар екенін қалай білгенін "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

Белгілі ақын Ханбибі Есенқараева отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, күйеуі Тұрдықылыш Ізтаевпен қандай жағдайда айырылысып кеткенін айтып берді. Өнер иесі жолдасымен ұрыспай, оған үй мен көліктің кілтін табыстап кеткен, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ханбибі Есенқараева жолдасының көңілдесі бар екенін қалай білгенін "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Ол отағасының таңдауына еш қарсылық білдірмей, оған бақыт тілеген.

"50 жасында бір әйелмен көңіл қосыпты. Ол кезде филармонияның директорымын. Жолдасымды сол жерге бас дирижер және көркемдік жетекші етіп қызметке алғанмын. Министрдің бұйрығымен заң жүзінде жұмысқа алдым. Мен іссапарда жүргенде денсаулығым сыр беріп, ауруханаға жатып қаламын. Әртістердің барлығына топырақ шашқым келмейді. Бірақ көбісі жаны жарамсыз адамдар ғой. Отырыстар ұйымдастырады. Сол жерге бір әйел келеді, танысады. Сондай сөздер маған жетті. Бір күні шақырып алып, "жел тұрмаса  шөптің басы қимылдамайды, жөніңді айт" дедім. Ол "өзі келе береді" деп қысқа қайырды. Біз тек ерлі-зайыпты емес, доспыз, туыспыз. Ол "мұндайды қой" деп айтады деп ойлады. Мен "қой" дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма?! Оның бәрін біліп тұрмын ғой. Сосын айттым "егер бір-біріңді ұнатсаңдар, мен не дейін, бақытты бол. Екеуміз де өнер адамдарымыз, біреуіміз бақытты болуымыз керек қой. Сен-ақ бақытты бол" дедім. Ешқандай ұрыс-керіссіз, үй мен көліктің кілтін беріп кеттім.  Содан үн-түнсіз кабинеттен шығып жүре береді. Көз жасын алақанымен сүрткенін көрдім. Шығармашылықтың адамы ғой, жүрегі жұмсақ. Шалыс қадамы үшін өзін кешірмей өтті", – деді Есенқараева. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады