Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заң бұзушылыққа жол берді – Қорғаушы

26.06.2024, 11:21
674
Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заң бұзушылыққа жол берді – Қорғаушы Жоғарғы сот

Елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі бойынша апелляциялық сотының бірінші отырысы басталды.

Сотта бірінші болып Қ.Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі.

Қорғаушы Бишімбаевқа шығарылған үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

«Мен оны заңсыз деп санаймын және Қылмыстық кодекстің «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша 106-бабына ауыстырылып, жаза азайтылуы қажет. Ал «Азаптау» бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілуі керек», - деді Е.Ғазымжанов.

Оның айтуынша, үкімді өзгертуге және жоюға болады. Өйткені қорғаушы бірінші сатыдағы сот жасаған 20 бұзушылықты анықтап, апелляцияда көрсеткен. Адвокат алқабилер алқасын құру кезінде соттың кейбір кандидаттарға қарсылық білдіруін бірінші ауыр құқықбұзушылық деп атады.

«Судья өз еркімен шешім қабылдап, қайсысының сотталушымен жасты балалары бар екенін анықтай бастады және 20 үміткердің ішінен төртеуін шығарып тастады. Шығарылған үш үміткердің ұлдары бар еді. Осылайша, судья алқабилер алқасын құру тәртібін бұзбағанда және заң бойынша әрекет еткенде, осы 4 үміткердің ішінен біреу негізгі құрамға кіріп, дауыс берер еді. Үкім басқаша болуы мүмкін еді», - деді Е.Ғазымжанов.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті