Атырауда 2 есірткі фитолабораториясы мен 2 өңіраралық тасымалдың жолы кесілді

26.06.2024, 13:38
611
Атырауда 2 есірткі фитолабораториясы мен 2 өңіраралық тасымалдың жолы кесілді polisia.kz

Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткі айналымы мен саудасының жолын кесу бағытында бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары ұдайы өткізіліп келеді.

 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауға Алматы және Ақтөбе облыстарынан синтетикалық есірткі жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткінің фитолабораториясын ұйымдастырған 2 күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктілер тұрғын үй ішінде арнайы желдеткіштер мен жарық, суару жүйелерін орнатқан. Үй ішінде қарасора, марихуана өсімдіктерін өсіріп, есірткі айналымын жүзеге асырмақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілерден 100-ден астам есірткі өсімдігінің бұтақтары тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Талдау көрсеткендей, Атырау облысының аумағында синтетикалық есірткіні жасырын сату әдісі арқылы өткізбек болғандардың басым бөлігі – еліміздің өзге өңірлерінен келген 18-35 жастағы жастар.

«Есірткі сатпақ болғандардың бәрі дерлік оңай олжаға кенелуді ойлап, әлеуметтік желілер мен сайттардағы жоғары жалақысы бар жұмыс деген жалған жарнамаға сеніп келеді. Мәселен, жыл басынан бері Атырауда есірткіні жасырын тығып сатпақ болған 27 күдікті ұсталды. Олардың дені Павлодар, Астана, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Орал қаласының тұрғындары. Күдіктілер мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы көзделгенінен де бейхабар болған. Күдіктілер темір торға жабылған соң ғана өкінеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал Атырау облысының прокуратурасы тұрғындардан есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертіп отыр.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды