Оралда жатақхана мен 9 қабатты үйде өрт болып, бірнеше адам құтқарылды
Орал қаласында 26 маусым күні жатақхана мен 9 қабатты үйде өрт болып, бірнеше адам құтқарылды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ет комбинаты көшесі, 8 мекенжайында орналасқан 5 қабатты жатақханада 2 шаршы метр алаңда үй заттары мен қоқыс жанған.
Құтқарушылар шақыру орнына келгеннен кейін жанып жатқан бөлмеде бір адамның бар екені анықталды.
Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт тез сөндірілді.