Станислав Черчесов келе сала қазақша сұрақ қойған журналиске дөрекілік танытты

28.06.2024, 10:02
2120
Станислав Черчесов келе сала қазақша сұрақ қойған журналиске дөрекілік танытты ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кіріспей басы дауға қалғаны ма?

Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов журналистің қазақ тілінде қойған сұрағына көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлайды 1bol спорттық порталы.

Әріптесіміз Нұрсұлтан Құрман бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойып бастағаны сол еді, Черчесов оның сөзін бөліп, қай жақтан екенін біліп алды. Сонан соң сұрақты орысша жалғастыруды сұрады.  

«Сіз маған сұрақ қойып тұрсыз ғой. Мен де осетин тілінде сөйлесем қалай болады? Алайда ол кезде ешкім түсінбейді. Бұған дейін де қазақша қойдыңыз. Ол кезде федерация президенті аударып берді, бірақ ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», –  деп әзіл-шыны аралас ескерту жасады құрама бас бапкері. 

Сонда да Құрман сауалын қазақ тілінде қайта жалғап, бапкерлік штабқа кімдер кіргенін сұрады. Бас бапкер «Бұл штабқа сенің кірмейтінің анық» деп тағы сөзбен шымшып өткендей болды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады