Димаш қатысқан «Singer» байқауында тағы бір қазақстандық әнші бақ сынайды

28.06.2024, 13:57
1798
Димаш қатысқан «Singer» байқауында тағы бір қазақстандық әнші бақ сынайды Facebook/Ертай Нүсіпжанов

Қазақстандық әнші, түрлі байқаулардың жеңімпазы Рухия Байдүкен Қытайдағы «Singer» ән байқауында бақ сынайды.

Бұл жөнінде әншінің продюсері Ертай Нүсіпжанов мәлім етті.

«Араға 7 жыл уақыт салып «Singer» сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы – Рухия. 4 жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба биылғы мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі – жоба тікелей эфирде, Қытайда өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады», - деп жазды Е.Нүсіпжанов Facebook желісінде.

Рухия бүгін Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. «Топ жару» статусымен келген шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі.

«Бағалаушы барша көрерменнің дауыс беру нәтижесінде жеңсе, келесі кезеңге өтеді. Ал жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады. Қалай болғанда да, бұл – үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім, үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә», - дейді продюсер.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алды және әлемдік аренада танымал әншіге айналды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады