Бүгін Алматыда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны жерлеу рәсімі өтті
Бүгін Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны Алматыда жер қойнына тапсырды.
Бұл туралы агенттік тілшісіне марқұм Айгүлдің ағасы Жанат Сайлыбаев хабарлады.
Еске сала кетейік, зорлықпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.
Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өлі табылғанын растады.