Илон Маск он бірінші рет әке атанды: Баланың анасы кім

30.06.2024, 19:56
925
Илон Маск он бірінші рет әке атанды: Баланың анасы кім Getty Images

Илон Масктың отбасында тағы бір бала дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, миллиардердің жеке өмірімен таныс кей ақпарат көздері ол баланың 2024 жылдың басында өмірге келгенін айтты. Алайда баланың аты-жөні мен жынысы көрсетілмеген. Оның анасы Маск негізін қалаған Neuralink арнайы жобаларының директоры Шивон Зилис.

Илон Маск Page Six басылымына, жаңа баланың дүниеге келгенін растады. Ол баланың жасырын түрде дүниеге келгені туралы мәлімдемені жоққа шығарды. Сондай-ақ қазір он бір баласы бар екенін жасырмады.

"Біздің отбасымыз бен барлық достарымыз бұл туралы білді", – деді Маск.

Маск баланы жасырмақ болды деген күдікке негіз бар. Себебі миллиардердің ұлы мен қызы бар екені кездейсоқ жағдайда анықталды. Баласы туралы Масктың өмірбаяны туралы кітапта Уолтер Айзексон жазды. Ал қызының бар екені туралы ақпар журналист сұхбат алып жатқан кезде көрші бөлмеде жылаған сәбидің дауысы шыққаннан белгілі болды.

Бұл Зилис пен Масктың дүниеге келген үшінші баласы. Қалған екеуі, егіздер Азур мен Страйдер 2021 жылы дүниеге келген.

Зилис Маскпен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді: Neuralink-ке дейін ол Tesla-да және кейін ChatGPT-ті әзірлеген OpenAI-де менеджер болды. Олардың қарым-қатынасы жұмыс процесінен достыққа ұласты. Мысалы, ол миллиардермен Polytopia стратегиялық ойынын жиі ойнаған.

Фото: lenta.ru

Зилис достары мен әріптестеріне Маскпен романтикалық қарым-қатынаста болмағанын айтты. Ол жай ғана суррогат ана болатынын жеткізді.

Сонымен бірге, сот құжаттарында оның 2022 жылы Масктың Техастағы үйінде тұрғаны белгілі болды.

Bloomberg Маск пен Зилис арасындағы қарым-қатынастың одан әрі қалай дамығанын нақтыламады. Мүмкін бұл жолы мәселе сперматозоид берумен ғана шектелмеген шығар.

Шибон Зилистің үш баласынан бөлек, Масктың тағы сегіз баласы бар. Оның бірінші әйелі, жазушы Джастин Уилсон бес бала туды. Қалғандарының анасы әнші Граймс болды.

Фото: lenta.ru

Маск Page Six-ке берген сұхбатында бүкіл әлемде байқалған туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдайтынын айтт.

Оның пікірінше, әлемде бала тым аз туылып жатыр. Сондықтан адам саны көп ұзамай азая бастайды дейді.

“Бұл жай ғана факт, "жұмсақ теория" емес. Көбею үшін 2,1 туу коэффициенті қажет. Жалпы әлем көп ұзамай бұл деңгейден төмен түсетіні анық”, – деді Илон Маск.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады