«Әйелдерді қуантқан тағдырым бар»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу мен Қаңтар оқиғасына қатысы туралы

Аиса Махамбет Редактор
01.07.2024, 15:15
1835
«Әйелдерді қуантқан тағдырым бар»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу мен Қаңтар оқиғасына қатысы туралы жеке парақшасынан

Қоғам белсендісі, ақын Мұхамеджан Тазабек жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген қайраткерінің айтуынша, отбасын құру – үлкен жауапкершілік көрінеді. Оқырман тарапынан келген сұрақтың дені – көп әйел алуға қатысты екен.

"Көп әйелділік – Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі – әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық. Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба?Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар... Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. "Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар" деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой. Әр отбасы – жеке сынақ, дара жауапкершілік! Мен де бұл жағынан сынақ – біреу! Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін! Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы", – деп жазды ол. 

Сонымен қатар оқырмандары, айтыскер ақыннан "Қаңтар оқиғасына қатысыңыз бар ма?" деген сұраққа да жауап беруін талап етті.

“Саналы ғұмырымды бүліктің алдын алуға жұмсап келемін. Қатысым қайдан болсын?! Медиа өсекке емес, жүрегіңізге сеніңіз", – деп жазды Мұхамеджан Тазабек. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады