Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі Уимблдонға қатысудан бас тартты

01.07.2024, 21:46
811
Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі Уимблдонға қатысудан бас тартты olympic.kz

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Лондондағы матчтары 2 шілдеге белгіленген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемнің 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко иығынан алған жарақатына байланысты Уимблдон турниріне қатысудан бас тартты. Теннисші әлеуметтік желідегі парақшасына осындай шешімге келгенін жеткізді.

«Ойнай алмайтынымды бәріңізге үлкен өкінішпен хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге барынша дайын болуға тырыстым, бірақ бүгін жаттығу кезінде өз командам бұл ойын жағдайымды күрделендіре түсетінін түсіндірді», деп жазды теннисші. 

Бұдан бұрын Арина Соболенко Берлиндегі жарыста Анна Калинскаямен матч кезінде де бәсекеден бас тартқан еді.

Беларусь теннисшісінің орнына Уимблдонда іріктеу сайысынан өте алмаған ресейлік Эрика Андреева өнер көрсетеді.

Ол алғашқы айналымда америкалық Эмина Бектаспен кездеседі. 

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Лондондағы матчтары 2 шілдеге белгіленген. 

Өткен жылы Уимблдонда жартылай финалға дейін жеткен А.Соболенко биыл да әлемнің 1-ракеткасы, поляк қызы Ига Швентек бастаған фавориттер қатарында аталған еді. 

2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында белоруссиялық теннисшінің қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткені белгілі. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды