Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адам жазадан құтылып кетті

02.07.2024, 10:29
693
Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адам жазадан құтылып кетті dreamstime.com

Атыраудағы сот Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адамды жауапкершіліктен босатып жіберген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қолына қару ұстаған ер адамның "Қазақстан жақын арада Ресейге қосылады" деп айтып, жанындағы бірнеше адамның күлгені естілген бейнежазба желіде кеңінен тарап кеткен болатын. 

“Біз тұратын қала Атырау деп аталады. Бұл қала  Самарадан небәрі 500 шақырым жерде. Мұнда 50% орыстар болған, қазір жан-жақтан келіп, ақырындап бізге қысым көрсетіп жатыр. Бірақ біз Беларусь сияқты Қазақстан да Ресейсіз ешқайда бара алмайды деп есептейміз. Менің атым Максим, ең бастысы, ҰҚК басып кірмесе болды", – дейді ер адам. 

Кейін желіде Максимнің екінші видеосы пайда болды. Онда ол өзінің пікірі бұрмаланғанын және шын мәнінде Қазақстан азаматы екенін айтып, сөзі үшін елден кешірім сұрайды.

Облыстық Полиция департаменті қаңтарда күдіктінің үстінен заңсыз қару мен есірткі сақтағаны, сондай-ақ ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Алайда психофизиологиялық сараптама ұлттық немесе діни араздықты қоздыру фактісін анықтаған жоқ. Нәтижесінде, бұл айып бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылған.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде екі қазақстандықтың 13 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті