Қытайлық компания Шымкентте көлік зауытын салуға ниетті

03.07.2024, 11:18
1292
Қытайлық компания Шымкентте көлік зауытын салуға ниетті Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қытайлық «Shaanxi Jingzhao carspan» компаниясы Шымкентте көлік зауытын салуға ниет білдіріп отыр.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов  Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына жасаған сапары қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты.

24-26 маусым аралығында Шымкент пен Сиань қалалары арасындағы бауырлас қарым-қатынас орнатудың бір жылдық мерейтойына байланысты Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі бастаған ресми және іскер делегациясының екі күндік іс-сапары өтті. Делегация мүшелері Сианьдағы алғашқы ұлттық тағамдар жобасы «Жеті тандыр» мейрамханасының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Нысан 2 айда іске қосылады деген жоспар бар. Кейін Шымкент пен Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы өтті. Онда қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларға қатысты кездесу өткізілді.

Сондай-ақ форум аясында Шымкент өнімдерін Қытай тұтынушыларымен кең көлемде таныстыру үшін үлкен жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда Шымкентте шығарылатын өнімдер ұсынылды. Одан бөлек Шымкент әкімі Қытайдың 6 ірі компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың алғашқысы - «Jiangsu Xiandai Lighting Group Co., Ltd» компаниясы.

Бұл кәсіпорынмен жарықдиодты көше ландшафт шамдары, көше шамдарының түрлері, сигналдық байланыс пен электр тіректері, бақылау тіректері, жол қауіпсіздігі құралдары және электромеханикалық жабдық, көп функциялы көше шамдары, қалалық кешенді жабдық, күн фотоэлектрлік панельдері өндірісі бойынша жобаны талқылады.

«Екінші компания - Shaanxi Jingzhao carspan. Автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды. Қытайлық бұл компанияға Қазақстан – үлкен нарық. Қызығушылық танытып отыр. Енді сөздеріне қарағанда нақты іске көшетін ойы бар. Сондықтан қала әкімі оларды Шымкентке келіп, өндірістік алаңдарымен, басқа да жалпы қаланың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы шақырды. Жақын арада келуін күтеміз. Келіссөздер одан әрі жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, қазір қаламызда, жалпы елімізде Қытай автомобильдері, оның ішінде электроавтомобильдер кеңінен дамып келеді. Сондықтан сервистен бастап оны жинақтау зауыты бүгінгі күнде өте өзекті», - деді Шымкент әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық пен алмасуға ықпал ететін ұйым болып саналатын «Қазақстан – Қытай кәсіпорындар альянсымен» ынтымақтастық платформасын құру, іскерлік сапарларды ұйымдастыру және сауда - экономикалық форумдар өткізу арқылы екі ел экономикасының өркендеуі мен даму мәселелері талқыланды. Ал «Xian Typical Elevator Co., Ltd.» компаниясымен лифт өндірісі бойынша зауыт салу жобасы, «Shaanxi Foreign Trade Import and export Group Co., Ltd.» компаниясымен көтерме сауданы, технологиялар мен азық-түлік импортын және экспортын, қойма, көлік қызметтерін, жеткізу тізбегін басқару қызметтерін, халықаралық контейнерлік тасымалдарды экспедициялау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері айтылды.

«China Communications Construction Company Limited (CCCC) Tianjin Dredging Co., Ltd.» компаниясымен порттар мен су жолдарын тереңдету, жерді мелиорациялау, гидротехникалық құрылыстар мен іргетастарды жобалау, іздестіру, жобалау, кеңес беру және экологиялық тереңдету, сондай-ақ жабдықтар өндірісіне, инвестицияларға, жылжымайтын мүлікті дамыту, халықаралық тасымалдар, транзиттік сақтау бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Айдын Кәрімовтің айтуынша, форум және екіжақты кездесу нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ доллары болатын келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда:

- «Invest Shymkent» ЖШС және «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында өзара түсіністік туралы меморандум;

- «KazFerroGroup» ЖШС және «Shanxi Heynan New Metallurgical Electric Equipment Co. LTP» компаниясы арасында Ферроқорытпа пешін сатып алу туралы келісім (16,3 млн АҚШ долл.);

- «JT Food Expert» және «Xi'an Gang Tong Tian Xia Dian Zi Shang Wu You Xian Gong Si» компаниялары арасында тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

- «KazBioTech» ЖШС және «Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd» арасындағы өсімдік майын сату туралы келісім (1,3 млн АҚШ долл.).

Айта кетейік, биыл күзде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланып отыр.

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті «Қазір 200 адам тергеліп жатыр»: секс-құлдықта болған оқушы қыздың анасы мән-жайды ашып айтты Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады Қазақстанда АЭС салынатын болды «Ақша керек болды»: Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді Қарағандылық келіншек жаңа туған сәбилерін перзентханада екі рет белгісіз ерлі-зайыптыларға сатқан Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қойылатын талаптар күшейтілмек Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді Қазақстандықтардың басым бөлігі қолдаған жағдайда АЭС-ті кімдер салады – Тоқаев жауап берді Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды «Қаһармандар мен халат киген қыз»: Сайлау учаскесіне ерекше киініп келгендер көпті таңғалдырды 95 жастағы Бибігүл Төлегенованың үйіне сайлау жәшігін әкеп берді Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде балаларға күш көрсеткен (ВИДЕО) Екі жатырлы әйел егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді «Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды Референдумнан соң үкімет құрамы өзгере ме? Тоқаев жауап берді