Келесі жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді — Тоқаев

03.07.2024, 15:23
187
Келесі жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді — Тоқаев Ақорда

Екіжақты келіссөзден кейін Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылағанын атап өтті.

— Бұл салада табысты жүзеге асқан бірлескен жобалар бар. Егіншілікте smart жүйесін қолдануға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге айрықша назар аударылады. Осы орайда Қытайдың тәжірибесі мен технологияларын қолдануға, нақты инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделіміз. Былтыр Қазақстанның Қытайға экспорттаған ауыл шаруашылығы тауарлары 2 есе өсіп, 1 млрд долларға жетті. Қытай нарығына сапалы әрі табиғи ет өнімдерін, майлы және дәнді дақылдар экспортын ұлғайтуға мүдделі екенімізді атап өттік. Бұл ретте Қазақстан астығын 2 миллион тоннаға жеткізуге дайынбыз. Осы саладағы ықпалдастықты кеңейту шараларын қолдағаны үшін Төраға Си Цзиньпин мырзаға ризашылығымды білдіремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, екі ел арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та нығайып келеді. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр.

— Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне баса мән береді. Бұған Қытайдағы әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Аталған саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келістік. Қытай Төрағасының сапары аясында екі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Біріншісі — «Астана» Халықаралық университетінің жанынан Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ бүгін құрметті Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанда екінші «Лу Бань шеберханасын» ашуға келістік. Бұл тиімді әрі маңызды жоба елімізде жоғары кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін қазақ жастарының саны артты. Бұл тұрғыда үкіметтік грант санын көбейту, Қазақстан аумағында Қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын ашу мәселесіне арнайы тоқталдық, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланысты және туризм саласындағы ықпалдастықты күшейтуге баса назар аударылғанын жеткізді. 

— Осы сапар аясында Бейжіңде Қазақстанның және Астанада Қытайдың мәдени орталықтары ашылды. Мұны екіжақты байланысты бекемдеу үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады. Бұл бастамалар халықтарымызды мәдени тұрғыдан жақындатып, өзара достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Бұдан бөлек, екі ел аумағында тұрақты түрде мәдени шаралар өткізуге уағдаластық. Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін екі елде визасыз режим қолданыла бастағанын ерекше атап өткім келеді. Қазір оның игілігін азаматтарымыз көріп отыр. Әсіресе, екі елдің көршілес аймақтарының халқына, кәсіпкерлер мен туристерге, жастар мен шетелдік әріптестерге тиімді болды. Биыл наурызда Бейжіңде «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» салтанатты түрде ашылды. Келесі жылы осы шараның жалғасы ретінде «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы» өтеді. Бүгін қол жеткізген келісімдер елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтып, халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын атап өтті.

— Бұл бағыттағы ұстанымдарымыздың ұқсас екеніне назар аудардық. Біз көпжақты дипломатияны одан әрі нығайту қажеттігін атап өттік. Екі елдің серіктестігі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында табысты дамып келе жатыр. Сонымен қатар біз Орталық Азия — Қытай диалогын одан әрі дамытуға келістік. Әлемдегі дау-дамайды бейбіт жолмен шешу, геосаяси жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту жөніндегі ұстанымдарымыз ортақ, — деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөз нәтижелерін жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

— Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың деңгейі қашанда жоғары. Осылайша біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам бастық. «Алтын отыз жылдық» аясындағы биік мақсат-міндеттерді табысты жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Жасалған әрбір келісім екі елдің тұрақты әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге, халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға арналған, — деді Қазақстан Президенті.

Театрда талай жыл қызмет еткен әртіс баспанасыз қалған «14 жаста жаздым»: Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған әнге қатысты мәлімдеме жасады «Көкбет, бәлеқор»: Мөлдір Әуелбекова өзін балағаттаған оқырманын сотқа берді Ғылым қоры Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағымен кездесті «Не істейсіздер біреудің байын?»: Мақпал Исабекова желі қолданушысына шүйлікті Саммидастана, Нұрастана, Астанақұл: Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады «259 миллион 616 мың теңге»: Динара Сәтжанның бір күндік образы ел талқысына түсті Жаңа «E–labs» модулі іске қосылды «Үйдің өзі 700 квадрат метр, енді бала туып, ішін толтыру керек»: блогер Ырысбала Икрамбай қоныс той тойлап жатыр Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті Украина президенті АҚШ-ты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Түркістан облысында полицейдің саусағын сындырып, үйіне алып кеткен әйел 3 жылға сотталды 12 млн теңге берген: Түркістанда мемлекеттен тегін грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды «Мен жәбірленушімін»: Қайрат Нұртасқа қатысты сот процесі басталды Полиция кесірінен қазақстандық продюсер Нью-Йорк кинофестиваліне фильмін ұсына алмауы мүмкін «5 жылға сотталуы мүмкін»: Қайрат Нұртастың үстінен қылмыстық іс қозғалды Туған анасын өлтірді деген күдікке ілінген: БҚО-да 16 жастағы жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді «Адам өлмесе де сол баппен іс қозғаған»: 15 жылға қамалған ағалы-інілі ұлытаулықтар президентке үндеу жолдады (ВИДЕО) Қатты жауын-шашын: Алматыны су басу қаупі бар Найзағай, бұршақ, жел: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы