Түркістан облысында алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалған

04.07.2024, 15:23
897
Түркістан облысында алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалған Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Салмағы 730 грамм боп туған шақалақтың жүрегіне операция жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс көлемінде №1 Облыстық перинаталдық орталықта алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалды.

Сәби 2024 жылдың сәуір айында №1 Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген. Нәрестенің салмағы – 730 грамм, 24 апталық экстремалды салмақпен «шала» туылған болатын. Алғашқы күндері нәрестенің жағдайы күрт ауыр болып, өміріне қауіп төнді. Орталықтың білікті неонатолог дәрігерлерінің және медбикелерінің арқасында клиникалық стандартқа сәйкес, ем жүргізіліп жағдайы тұрақталды.

Дәрігерлер нәрсетенің дамуы барысында туа біткен жүрек ақауын анықтап, ота жасату үшін дайындыққа кіріскен. Республикалық медициналық авиация желісі арқылы Астана қаласының Ұлттық Ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлерімен байланыс орнатылды. 9 маусым күні тұңғыш рет №1 Облыстық перинаталдық орталық қабырғасында Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жоғары санатты дәрігері, кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Нуркеев Бақытжан, Кардиореанимация бөлімінің меңгерушісі А.Кабаканова, УДЗ дәрігері А.Ахмолдаеваның қатысуымен сәтті ота жасалды.

Астаналық кардиохирург және кардио-реаниматолог дәрігерлер тарапынан облыстың перинаталдық орталығының неонатолог дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға берілді.

Қазіргі таңда нәрестеге «жансақтау» бөлімінде күтім жасалып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, салмағы – 1700 грамм.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды