«Жамбасында тістің ізі қалған»: Түркістан облысында 19 жастағы қыз күйеу жігітінің көлігінен өлі табылды

Аиса Махамбет Редактор
04.07.2024, 16:55
1868
«Жамбасында тістің ізі қалған»: Түркістан облысында 19 жастағы қыз күйеу жігітінің көлігінен өлі табылды ашық дереккөзден

Қайғылы жағдай Сайрам ауданында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 19 жастағы бойжеткен сүйіктісінің көлігінен өлі табылды. Бұл туралы Almaty.tv мәлімдеді. 

Кешкісін жұмыстан қайтқан Дильмураны жігіті алып кеткен екен. Бірақ бойжеткен сол күйі үйіне жеткен жоқ. Қызын 6 сағат бойы шарқ ұрып іздеген ата-анасы мәйітті көрші ауылдан тапқан.  

Ұзатамыз деп отырған қызын ақтық сапарға шығарып салған Ергіновтер отбасы үш күннен бері ес жия алмай жүр. 19 жастағы Дильмура 30 маусымда жұмыстан шығып, үйіне қайта оралмаған. Содан секем алған жақындары бойжеткенді 6 сағат бойы іздеп, денесін көрші ауылдағы үйден тауыпты.

Үйіне барсақ есік алдында жедел жәрдем көлігі тұр екен. Қызымызды буындырып өлтіріп, денесін көліктің ішіне кіргізген. Енді оны жоққа шығарып, газдан уланып қалған деп отыр. Қазір бірнеше сараптама жасатып жатырмыз. Жауабы бір аптадан соң шығады дейді, - деді  марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.

Жақындарының айтуынша, табылғанда бойжеткеннің үстіндегі киімнің жартысы болмаған. Ал мәйітті жуындыруға кіргендер Дильмураның бет-аузының сау-тамтығы жоқ дейді. Олардың айтуынша, қорлықтан қашқан қыз күдіктімен біршама уақыт бойы алысқан.

Қыз өзін қорғамақ болып, қарсыласқан. Кейін есін білмей қалған. Денесін машинаға кіргізіп, терезелерін жауып, кішкентай шланг салып, газ жіберген, - деді марқұмның туысы Малахат Құрбаналиева.

Бойжеткеннің өліміне күдікті деп танылған ер адам ұсталды. Ол Дильмурамен бір жыл бұрын сөз байласқан 19 жастағы жігіт. Екі жас биыл үйленуді де жоспарлаған екен. Бірақ бірі о дүниеге аттанып, екіншісі қамауға алынды.

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Студент қыздың жұмбақ өлімі туралы күдіктінің жақындары пікір білдіруден бас тартты. Қара жамылған отбасы жігіттің ауқатты әулеттен шыққанын айтады.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды