Түркістан облысында полицейдің саусағын сындырып, үйіне алып кеткен әйел 3 жылға сотталды

05.07.2024, 13:55
920
Түркістан облысында полицейдің саусағын сындырып, үйіне алып кеткен әйел 3 жылға сотталды ustroistvo-avtomobilya.ru

Әйел полицейді үйіне алып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында Абай ауылында Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Яғни, екі адамға күш көрсету немесе қорқыту айыбымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған 43 жастағы автокөлік жүргізушісі А.-ның ісі бойынша сот отырысы өтті. Бұл туралы Caravan.kz жазды.

Сот материалдарына сәйкес, 15 ақпан күні түстен кейін А. есімді әйел Абай ауылындағы сауда үйінің маңындағы жаяу жүргіншілер жолына көлігін тоқтатып қояды. Құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында рейд жүргізген полиция подполковнигі өзін таныстырып, әйелге заңбұзушылықты ескертіп, көлікті алып кетуін сұрайды. Бұған әйел дөрекі жауап берді. Содан кейін тәртіп бұзушыға екінші полицей, аға лейтенант Ж. хаттама жаза бастайды. 

Бірақ әйел бұған қарамастан қозғалтқышты іске қосып, оқиға орнынан қашпақ болыпты. Лейтенант болса көліктің алдында тұрып, оның жолын бөгейді. Осыған қарамастан әйел газды басып, полицейді бамперімен соқты. Ол көлік капотына құлап, капотқа жабысып ұстап қалды. Жол-патрульдік полиция қызметкерін көлігінің капотына жабыстырған күйі әйел 20 метрдей жүріп барып қана тоқтады. 

Полицей қызметкері оқыс оқиға кезінде саусағын сындырып алды. Осыған қарамастан, ол хаттама толтырмақ болып, тәртіп бұзушының көлігіне отырды. Әйел болса қайтадан газды басып, полицейді үйіне алып кетті.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұрады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)