«259 миллион 616 мың теңге»: Динара Сәтжанның бір күндік образы ел талқысына түсті

Аиса Махамбет Редактор
05.07.2024, 17:16
2221
«259 миллион 616 мың теңге»: Динара Сәтжанның бір күндік образы ел талқысына түсті жеке парақшасынан

Динара Сәтжанның бір күндік образын көпшілік қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жансая Махабаева есімді блогер отандық медиа өкілінің брендтерінің бағасын білді.

“Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз?

Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы – 700 мың теңге.
Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы – 228 мың теңге. 
Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы  – 263 мың теңге.
Белдігі The Row брендінен, бағасы – 275 мың теңге.
Қолғабы Fendi брендінен, бағасы – 350 мың теңге”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ әшекей бұйымдарындағы бір алқаның бағасы 100 миллион теңгеге жететінін жасырмады. 

“Ал енді ең қызық жері – әшекейлердің бағасына көшейік.

Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы – 70 миллион теңге. Алқасы да осы топтамадан, бағасы – 95 миллион теңге. 
Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі – 57 миллион теңге, ал екіншісі – 21 миллион теңге.
Сақинаның бағасы – 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі – 5 миллион 300 мың теңге. 
Сонымен барлығы – 259 миллион 616 мың теңге", – деді блогер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналистің образын талқылап жатыр. 

“Менің тілім келмейтін миллиондар екен”, “Кішкентай затқа 70 миллион теңге төлеп қалай ала салады?”, “Осылардың айлығы қалай жетеді?”, “*Үстінде қаншама адамның баспанасы жүр”, “Фотосессия үшін жалға алған болуы да мүмкін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады