Қазақстандағы университеттерде қытай тілі екінші шет тілі ретінде оқытылады — Саясат Нұрбек

06.07.2024, 17:55
1089
Қазақстандағы университеттерде қытай тілі екінші шет тілі ретінде оқытылады — Саясат Нұрбек AFP

Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілі екінші шет тілі ретінде оқытылмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, осы мақсатта жоғары оқу орындарында арнайы кафедралар ашылады. 

“Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге мемлекеттік сапары аясында көптеген келісім-шарттарға қол қойылды, соның ішінде екі елдің министрліктері білім және ғылым саласында келісімге келді. Келісімге сәйкес, біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Екінші тіл ретінде бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарға ұсынатын боламыз", – деді министр Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ жаңа келісім аясында Қазақстанда Гонконг университетінің филиалы ашылмақ. 

“Қытай бізге экономикада да, саудада да серіктес ел, сондықтан Қытайдың тарихын, тілін, мәдениетін терең түсінуіміз керек. Тағы бір келісім – Сәтбаев университетінің базасында Гонконг университетінің филиалы ашылу бойынша жасалды. Филиал жасанды интеллект, сәулет, интеллектуалды көлік және т.б. салаларда білім береді. Гонконг университеті – әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіретін өте жылдам дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Университет филиалы биылғы жылдың қыркүйек айында ашылады”, – деді білім және ғылым министрі.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды