1434

Түсетін түрі жоқ: Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 482 теңгеге дейін көтерілді

Доллар 477- 482 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Түсетін түрі жоқ: Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 482 теңгеге дейін көтерілді
egemen.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477- 482 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477 – 482 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 478,7-481,1 теңге аралығында құбылып тұр.

5 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге қымбаттап, 476, 83 теңге болған. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33 – 5, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Материал авторы