«Қаншама сынақтан өттік»: Мейрамбек Беспаев жұбайымен отау құрғанына бүгін 20 жыл болған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.07.2024, 16:36
13967
«Қаншама сынақтан өттік»: Мейрамбек Беспаев жұбайымен отау құрғанына бүгін 20 жыл болған (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Мархабат Беспаева күйеуіне алғысын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың отбасы болғанына 20 жыл толған.

Бұл туралы әншінің жары Мархабат Беспаева жазды.

«Бүгін бізге 20 жыл! 8.07.2004-8.07.2024

Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы.

Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын.

Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда Ин шаа Аллаһ!», - деп жазды Мархабат Беспаева.

Жазбаның астында әншінің тыңдармандары жылы лебізін білдіріп, құттықтады.

Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады