«Алтын орда» базарының құрылысына қаржы салған кәсіпкерлер ақшасын қайтаруды талап етті

08.07.2024, 20:30
787
«Алтын орда» базарының құрылысына қаржы салған кәсіпкерлер ақшасын қайтаруды талап етті ашық дереккөзден

Олар базардың бұрынғы басшысы Данияр Әлпиевке құрылысқа ақша жинап бергенін айтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Алтын орда» базарының салымшы кәсіпкерлері базардың бұрынғы басшысы, қазіргі таңда қамауға алынған Данияр Әлпиевке қатысты қоғамда ақпараттық манипуляция жүріп жатыр деп алаңдаулы. Бұл туралы Informburo.kz жазды.

«Алтын орда» базарына жиналған олар бұған дейін әлеуметтік желіде үндеу жариялап, «жалған» салымшылар туралы айтқан Данияр Әлпиевтің әйелі Алмагүл Әлпиеваның сөзін жоққа шығарды. 

«Біз «Алтын орда» базарының үшінші павильонының құрылысына ақша салып, әрбіріміз әртүрлі сомада теңгеден өткіздік. Қазір ақшамызды қайтарып беретін ешкім жоқ. Керісінше, Данияр Әлпиевтің әйелі бізді қаралап, «жалған» салымшылар деп атап отыр. Бүкіл құжатты жинап алып кеткен Маржан Есжанова есімді азаматтың табылып, есеп беруін талап етеміз. Біз секілді қаржы құйған 300-ден астам салымшының ақшасы қайтарылсын», – дейді олар. 

Салымшылардың бірі Гүләйім Мақашева 4 миллион теңге өткізгенін айтады. Ол «Алтын Орда» базарында 2004 жылдан бері жұмыс жасайды. Бүгінде ақшасын қайтару үшін құзырлы органдарға арыз түсірген. 

«Біз ақша өткізгенде қолымызға чек берілді, бірақ ешқандай келісімшарт жасалған жоқ. Уәдеге сеніп, 5-6 ай күттік, алайда ақыры іс басшылықтың ауысуымен тынды. Содан кейін өзге де салымшылармен бірге арыздануымызға тура келді», – дейді ол.

Салымшылардың өздері 300 адам құрылыс жұмыстары үшін жалпы сомасы 1,6 миллиард теңге бергенін айтады. 

Еске салайық, Данияр Әлпиев 2023 жылғы желтоқсанда Қарасай ауданының прокуратурасына түсініктеме беру үшін барған кезінде қамауға алынған болатын. Данияр Әлпиев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі бойынша «аса ірі көлемдегі алаяқтық» жасады деген күдікке ілініп отыр.
Бұдан кейін Данияр Әлпиевтің жұбайы Алмагүл Мергенбаева бірнеше рет бейнеүндеу жасап, жұбайын босатуды және істің әділ қаралуын талап еткен болатын. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды