2420

Қайрат Нұртас бостандыққа шығуға тырысты

Әнші аппеляцияға өтініш берген.

Қайрат Нұртас бостандыққа шығуға тырысты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың апелляциялық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың ісі қаралды. Нұртас төбелеске қатысып, бөтен адамға жеңіл зиян келтіріп, әдепсіз сөздер айтқан.

Нұртастың адвокаты қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, үкімге шағымданды. Алайда сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Қайрат Нұртастың ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сол күні ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарылып. Әртіс сот шешімімен әділ деп атады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор