Ақтөбе облысы әкімдігі 8 миллиард теңгені заңсыз жұмсаған — Бас прокуратура

09.07.2024, 19:35
1012
Ақтөбе облысы әкімдігі 8 миллиард теңгені заңсыз жұмсаған — Бас прокуратура коллаж smartnews.kz

Кінәлі лауазымдыға қатаң тәртіптік жауапкершілік тағайындалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы прокуратурасы Ақтөбе облысы әкімдігінің табиғатты қорғау шараларының жоспарын орындау барысында көптеген заң бұзушылық жасағанын анықтады.

Экологиялық заңнамада қоршаған ортаны жақсартуды қаржыландыруға қойылатын талаптар белгіленген. Әкімдіктер оларды жүзеге асыру үшін өткен 3 жыл ішінде табиғи ресурстарды пайдаланушылардан түскен сомадан кем емес қаражат бөлуге міндетті.

Мәселен, 2019-2021 жылдары облыс бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін барлық компаниялардан бюджетке 25 млрд теңге түскен, сәйкесінше әкімдік қоршаған ортаны жақсартуға осы сомадан кем емес қаражат бөлге міндетті. Алайда жоспарға сәйкес, 2022-2024 жылдар  бойынша жалпы шығындар 23 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, жоспардың өзі талаптарға сәйкес келмеген.

Жоспарға ауылдарды газдандыру, жылу желілерін жөндеу, орман шаруашылығы мекемелерінің аппараттарын күтіп ұстау енгізілген. Заңда көзделмеген шараларға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асты. 

«Қазіргі уақытта табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары Үлгілік тізбеге сәйкес түзетілуде, қаржыландыру көлемі 30 млрд теңгеге дейін өсетін болады», - деп хабарлады прокуратура. 

Қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды