«Түнгі 23:00-ден кезекте тұр»: Астана әкімдігі мектеп маңына жиналған ата-аналардың видеосына пікір білдірді

10.07.2024, 10:29
985
«Түнгі 23:00-ден кезекте тұр»: Астана әкімдігі мектеп маңына жиналған ата-аналардың видеосына пікір білдірді бейнежазбадан алынған кадр

Балаларын мектепке бермек болған ата-аналар түнгі кезекке тұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде құжат тапсыру үшін мектеп ауласына жиналып тұрған ата-аналардың видеосы тарады. Астана әкімдігі видеоға пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді. 

Видео Instagram-дағы astana_brothers парашасында жарияланды. Видеодан ата-анаға лық толған мектеп ауласын көруге болады, соған қарағанда балаларын мектепке беруге келген сыңайлы. Бұл жағдай Астанадағы мектептің бірінде болғаны айтылған.

"Астана қаласының 71 мектебіне құжат қабылдау жүріп жатыр. Мұнда бейберекеттік болып жатыр. Білім басқармасы, бұл жағдайды неге дұрыс ұйымдастырмасқа? Адамдар түнгі 23:00-ден кезекте тұр", - делінген видеодағы жазбада.

Ал қала әкімдігі видеоға пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

"9 шілдеден бастап "жайлы мектеп" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде орналасқан №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды. Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданғандықтан, бұл кезектің пайда болуына әкеліп отыр.

Egov электрондық жүйесінде мектепке тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. 

Қазіргі уақытта ата-аналардан құжаттарды қабылдайтын адамдардың саны екі есеге артты, сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын SmartNotion құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада. 

Қазіргі уақытта ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есеге артты, сонымен қатар 11 шілдеде жұмыс істей бастайтын «SmartNotion» құжат қабылдау автоматтандырылған порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде», - делінген әкімдіктің Telegram арнасында жарияланған хабарламасында.

Бұған қоса елордадағы 8 жаңа жайлы мектепте электронды қабылдау жүргізілетіні айтылған:

№ 104 ОМ, Орынбор к-сі және № 37 ("SOHO" ТК ауданы);

№ 103 ОМ, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі (мешіт ауданы);

№ 99 ОМ, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері ("Поколение" ТК);

№ 101 ОМ, Төле би және Е758 көшелері (Зеленый квартал);

№ 111 ОМ, Төле би - 24 көшесі (Барыс Арена север);

№ 106 ОМ, С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);

№ 105 ОМ, “Көктал” тұрғын алабы, Ұлытау көшесі - Наурыз көшесі ауданы;

№ 102 ОМ, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі мектеп, № 9 үй ауданы ("Highvill"ТК). 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды