1524

«Өзі білмейді»: Нұрлан имам Тикток арқылы 2000 доллар ақша тапқан (ВИДЕО)

Имам тикток арқылы қанша табыс алғанын өзі білмеген.

«Өзі білмейді»: Нұрлан имам Тикток арқылы 2000 доллар ақша тапқан (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал имам, Тикток жұлдызы Нұрлан Байжігітов парақшасында жаңа видео пайда болды.

Бейнежазбаны әйгілі мобилограф, блогер Қыран Талапбек жүктеген. Онда блогер имамның телефонын ұстап отырғанын көруге болады.

Құрметті достар! Міне, қазір Нұрлан имаммен отырмын. Бұл кісі тиктокта сыйлық жібергенде, одан ақша алуға болатынын білмеген екен ғой. Шынымен білмедіңіз бе?

Қайсы, қарайыншы десем, Нұрекеңнің тикток аккаунтында 2000 доллары бар екен. Сіз білесіз бе балансыңызды?, - дейді мобилограф.

Бейнежазбаның астында Нұрлан имам өзі де жазба қалдырған.

Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра путевкасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын…
Ал,ол үшін… - деп жазды имам.

Ал Нұрлан Байжігітовтің оқырмандары тикток арқылы осынша ақша табуға болатынын білмегенін пікір алаңына жарыса жазды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор