1027

ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобының екінші отырысы өтті

Отырысқа министрліктердің өкілдері, депутаттар мен қоғам белсенділері қатысқан.

ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобының екінші отырысы өтті
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясын қарайтын жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста мемлекеттік органдардың ресми ұстанымын ҚР ІІМ, ӘМ, ОМ және СІМ өкілдері жариялады. Сондай-ақ, қатысушылар ЛГБТ қозғалысын насихаттауға қатысты халықаралық заңнамалық тәжірибені қарастырды. 

Айта кетейік, бірінші отырыста жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымы айтылды.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, БАҚ, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар енгізілді.

Материал авторы