Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем Ұлттық парктердің есебінде қалады

10.07.2024, 19:24
924
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем Ұлттық парктердің есебінде қалады tarbagatai-park.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға өзгеріс енгізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңнамада қандай басты өзгерістер қамтылды?

Салық кодексінен Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) пайдаланғаны үшін алынатын төлем республикалық бюджетке түсетіні туралы нормалар алынып тасталды.

Сәйкесінше, ҚР Бюджет кодексінің республикалық және жергілікті маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін бюджет түсімдері қарастырылған нормалары өзгерді.

Табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту құзіреті ЕҚТА-ны бақылайтын мемлекеттік органдарға беріліп отыр.

Яғни, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі бұрынғысынша алынады, бірақ ол бірден Ұлттық парктердің арнайы шотында қалып, олардың қажеттіліктеріне жұмсалады (қызметкерлердің жалақысына, табиғатты қорғау іс-шараларына сондай-ақ: бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, туристік маршурттарды және соқпақтарды жақсарту, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру т.б. сынды ерекше қорғалатын аумақты дамытуға).

ЕҚТА қызметтері үшін төлем алу жөніндегі норма «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 38-бабы арқылы, сондай-ақ Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №27-5-6/253 бұйығымен («Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы») бекітілген.

Тариф мөлшерімен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтында танысуға болады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды