Нархоздағы харассмент: Студент құқығым тапталды деп отыр

10.07.2024, 20:30
1319
Нархоздағы харассмент: Студент құқығым тапталды деп отыр жеке мұрағатынан

Мединаға деканат қызметкері тиіскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Narxoz студенті Медина Фатима Майсар деканат қызметкері (жоғарғы курс студенті) харрасмент жасап, құқығын бұзғанын айтып жазба жариялады. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

Медина жазғы семестрге ақшасын төлеп, тіркелгеннен кейін үш апта бойы сабаққа қатысқанын айтты. Алайда кейін оның есімі топтың тізімінде жоқ екені белгілі болды. Осы мәселеге тап болған қыз көмек сұрап деканатқа жүгінеді. Оны деканаттың қызметкері болып жұмыс істейтін жоғары курс студенті қарсы алды. 

Мединаның айтуынша, бұл студент оны кинотеатрға шақырып, тіпті рұқсатынсыз жеке ақпараттарын базадан қараған. Анасының байланыс ақпаратын, әлеуметтік желідегі парақшаларын және туыстарының нөмірлерін студенттің жеке мәліметтер базасынан көріпті.

Медина білім ошағынан көңілі қалғанын айтып, басшылық оның шағымдары «маңызды» себеп емес деп екі апта бойы оны топ тізіміне қосудан бас тартқанын атап өтті.

 Студент қыз жазбасында мынадай талаптар қойды:

Оны жазғы курсқа қатысушылардың тізіміне қайта қосу. Өйткені ол курсқа ақша төлеп, ережелерге сәйкес тіркелген.

Мәліметтер базасында оның мәліметтерін заңсыз іздеген студентті оқудан шығару.

Сондай-ақ, харрасмент жасағаны үшін оны жұмыстан шығарып, бұл оқиғаны жеке ісіне жазып қалдыру.

 

 «Мен сабаққа баруды жалғастырамын, өйткені бұл менің құқығым және бұл жағдайға мен кінәлі емеспін», — деді Медина Фатима Майсар.

Бұл оқиға жұртшылықтың назарын аударып, білім беру ұйымдарындағы студенттердің құқықтары мен этикасына қатысты мәселеге назар аудартты. Ал Narxoz әкімшілігі бұл мәселені өз қолдарына алып, қадағалайтындарын айтты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді