Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жоюға 66,2 млрд теңге бөлінген

10.07.2024, 20:55
933
Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жоюға 66,2 млрд теңге бөлінген Almaty.tv

Тұрғындар мен шаруаларға, сондай-ақ инфрақұрылымды жөндеуге млрд-тар бөлінген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс әкімі жергілікті бюджет және демеушілік есебінен қарастырылып отырған қаржының 38,8 млрд теңгесі зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеп, қалпына келтіруге жұмсалып жатқанын айтқан.

Облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясындағы әкімнің баяндамасына сәйкес, бүгінгі таңда су басқан 4 мың үйдің үш мыңға жуығы жөнделген. Ал апатты деп танылған үйлердің орнына жаңа 511 баспана бой көтеріп жатырған көрінеді. Облыс басшысы қалған 503 отбасыға пәтерлер сатып алынатынын, ал тұруға жарамды тұрғын үйлер жөнделіп жатқанын алға тартты. Қазіргі уақытта 406 отбасы жаңа қоныстарына көшкен.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жедел жұмыстар басталды. Жергілікті бюджеттен және демеушілік есебінен 66,2 млрд теңге қарастырылды. Тұрғын үйлерден басқа материалдық залал өтемақысын 3,5 мыңға отбасыға өтеу үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 4,5 мыңға жуық отбасыға 369 мың теңге құрайтын біржолғы төлемдер берілді», - деді Асхат Шахаров өз сөзінде.

Сондай-ақ, қарғын су ауыл шаруашылығының өкілдеріне, шағын және орта бизнеске шығын әкелген. Сол үшін 4,5 мыңға жуық мал шығынын өтеу үшін бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген. Ал зардап шеккен 76 кәсіпкерлік субъектісіне көрсетілген көмектің нақты сомасы аймақтық комиссия шешімінен соң, белгілі болады. Ал инфрақұрылымға 26 млрд теңге бөлінген.

Облыс әкімі тасқын салдарымен күрес жұмыстары әлі де қарқынды түрде жалғаса беретінін тілге тиек етіп, қиын сәтте шыдамдылық танытып, қолдау көрсеткен әрбір тұрғынға алғысын білдірді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды