Суаруға арналған сорғы тартып кеткен: Оралда өзенде шомылып жүрген 12 жастағы бала көз жұмды

11.07.2024, 11:10
1132
Суаруға арналған сорғы тартып кеткен: Оралда өзенде шомылып жүрген 12 жастағы бала көз жұмды mgorod.kz

Оралда 12 жастағы баланы су тартуға арналған сорғы тартып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 4 шілде күні Дерқұл ауылында болған. 

12 жастағы Аман Сейфолла нағашы ағасымен Дерқұл өзеніне шомылуға барған. Өзенде шомылып жүрген баланы өзен жағасында тұрған суаруға арналған сорғы тартып кеткен. 

"Жағаға жақын маңда суаруға арналған сорғы жұмыс істеп тұрған. Сорғының кімдікі екені, кім қойғанын білмеймін. Жұмыс істеп тұрған сорғы Аманның сол аяғын жамбасына дейін сорып алған. Құрылғыда сүзгі болмаған. Ешкім қадағаламаған, жай қосып, кетіп қалған. Куәгерлер ұлымды құтқара алмады. Ұлымды судан шығара алмадық. Ер адамдар оның басын судан шығарып ұстап тұрған. Құтқарушылар келіп, құбырды кесіп, Аманды құбырмен бірге судан шығарды. Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмады. Суды көп жұтып қойған, аузынан көбік шығып жатты, аяғы көгеріп кеткен", – дейді марқұмның анасы Мирамгүл Есетова.

Мой Город басылымының дерегінше, анасы болған жағдай туралы жиенінен естіген. Әйел сол жерге жүгіріп барғанымен, адамдар оны суға жақындатпаған. Осылайша әйел жағада бір сағатқа жуық тұрыпты. Содан кейін ғана адамдар баланың денесін судан алып шыққан. 

"Бұл сорғы ештеңемен қоршалмаған және жағаға жақын орнатылған. Менің баламның орнында шомылып жүрген кез келген адам болуы мүмкін еді. Қазір бәрі менің балам кінәлі деп шығарғысы келеді. Мұндай қайғы ешкімнің басына түскенін қаламаймын. Кінәлілердің табылып, жазалануын, мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбауын талап етемін", – дейді Мирамгүл Есетова.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті баланың суға түсуге тыйым салынған жерде шомылғанын хабарлады. Баланың саяжайларға су тартатын сорғы орнатылған пантонның үстінен секіргені анықталды.

"Оқиға бойынша полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды