«Қанішерлік қанымда жоқ»: Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін алу үшін полицейлерге ән арнаған ба?

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 11:32
2050
«Қанішерлік қанымда жоқ»: Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін алу үшін полицейлерге ән арнаған ба? бейнежазбадан алынған кадр

Әнші полицейлерге жағымпазданған жоқпын дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Танымал әнші Төреғали Төреәлі полицейлерге ән арнаса да жүргізуші куәлігін қайтара алмаған. Бұл туралы өнер иесінің өзі «Инстаграм» парақшасында мәлімдеді.

«Елдің көкейінде жүрген қандай сұрақ деп ойлайсыздар? Көбісі менің «правамды» сұрап жатыр. Сосын «Қазақ полициясы» деген ән тапсырыспен жазылған ән бе?» деп сұрапты. Енді сіздерге сол әннің тарихын айтып берейін. Жалпы, қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтің өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Бұрын Естай Бақбергенов деген жігіт орындаған. Телефон соғып, сөйлесіп, рұқсатын алдық. Рахметімізді айттық.

Бұл әнді айтуға ешкім тапсырма берген жоқ. Өзіміз ақылдасып, «айтсақ қалай болады екен» деп әкенің де ақылын сұрадық. Қанішерлік қанымда жоқ, жағымпаздық жанымда жоқ. Жүрекжарды, шын жүректен сіздерге арнап шыққан ән. Ал енді «праваға» келетін болсақ... Мен қазір жаяу Төрешпін», - деді Төреғали Төреәлі.

Атышулы әнші «Жаяу Мұса» әніне салып көшеде домбырамен ән шырқаған. Оған желі қолданушылары пікір білдірді. 

«Ақылды тентек қой біздің Төреш», «Көліктің правасын қоя берші, өмірлік праваңды жеңгемізге алдырып қойма», «Мойыма, бәрі жақсы болады, тек енді сабырлы бол», «Өзің қамалып кетпегеніңе қуан», «Әйелің аман болсын, енді сені сол тасиды», «Қайрат пен Әбдіжаппардың түрмеде отырғаны саған сабақ болсын, енді ұрынбай, тыныш жүр» деп жазды әншінің тыңдармандары.

Қатаң протекционизм кезеңіндегі Қазақстан мұнайы Ауғанстан мен Қазақстан: Орталық азия қауіпсіздігі Көбейген сайын құнсызданған мұнай мұңы Олигархтардан қайтарылған ақшаға ауылдарда медициналық орталықтар ашылды Қазақстанда 5 миллиард теңгені жымқырған алаяқ Черногорияда қолға түсті Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды «Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды «1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты