«Билік тарапынан қысым болып, эфирге шығартпады»: Қайрат Түнтеков өзін сахнадан қуған кім екенін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 12:55
2060
«Билік тарапынан қысым болып, эфирге шығартпады»: Қайрат Түнтеков өзін сахнадан қуған кім екенін айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әнші Қайрат Түнтеков үлкен сахнадан көрінбей кетуіне сол кездегі биліктегі азаматтардың әсер еткенін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші өмірінің қиын сәттері туралы ашып айтты. Бұл жағдай туралы ол Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Сол кезде биліктегі адамдардың арасынан менің жолымды бөгеп, эфирге шығартпаған адамдар болды. Олардың аты-жөндерін өзім де білмеймін. Бірақ, болды. Ақпараттық қысым көрсетті. Әйтпесе, мені қудалап, мынаны үйтесің, бүйтесің деген жағдайлар болған жоқ. Сол ақпараттық қысымның өзі маған ауыр тиді. Менің жол апатына ұшырағанымды сұмдық нәрсе болғандай бүкіл телеарналардан көрсетті ғой. Мүмкін біреулерді қосқан болар. Арасында депутат ағаларымыз да сөйледі. Мүмкін, оларға да сол керек болған шығар», — дейді өнер иесі.

Әнші жас кезінде жол көрсететін жақын жандардың болмағанын да жасырмады.

«Өнер жолында әділетсіздіктерге көп тап болдым. Жас болып, дүркіреп тұрған кезімде қасымда қарайлап жүретін, демеу болатын ешкім болмады. Сол кезде тіпті өзімнің қаншалықты жоғары деңгейде жүргенімді байқамағанмын. Біреулер тойға шақырып, келіскен ақшаның жартысын бермей қойған жағдайлар да болды. Менің жастығымды пайдаланды деуге болады», — дейді ол.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр