2518

«Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді»: Қабатовтың әйелі ұшақта мас күйінде шу шығарған күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады

Жақында істі болған Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова оқиғаға қатысты алғаш рет өз пікірін білдірді. Бұл туралы Carаvan.kz жазды.

«Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді»: Қабатовтың әйелі ұшақта мас күйінде шу шығарған күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол заң бұзған күйеуін жақтады.

Мөлдір Мұқанова бұл туралы өзінің желідегі парақшасында күйеуінің қамалуы туралы жазды. 

«Көрерменге деген құрметі қандай десейші… Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс.

Айтпақшы, айта кетейінші. Сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселене келе берсінші. Рахмет баршаңызға», — деп жазды ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор