Шардарада 13 жыл құлдықта болған ана мен бала құтқарылды

11.07.2024, 15:20
1109
Шардарада 13 жыл құлдықта болған ана мен бала құтқарылды otyrar.kz

Күдіктілер баланы да 3 жасынан құл етіп жұмсаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Любовь Болдырева мен оның ұлы Никита Шардарадағы мал қора мен саунада еркінен тыс жұмыс істеген.

13 жыл құлдықта әйел туған ағасымен бірге 2011 жылы Шардарадағы саунаға жұмыс істеуге барып, қайта шыға алмай қалған. Саунаның лас шаруасынан бөлек, қожайындардың мал қорасынан шықпадық деген әйел қара жұмысқа жегілгенін айтады.

Бұрын тұрған үйімізді өз атына аударып, кейін сатып жіберді. Туған ағам, екінші күйеуім мен ұлым төртеуіміз күндіз-түні қожайынның әулетінің құлы болдық. Жұмыс істейсіңдер деп алдап шақырғанымен 13 жылда соқыр тиын да ұстатқан жоқ. Бірнеше мәрте қашып көрдім. Бірақ қайдан болсын тауып, ұрып қайтадан жұмысқа жегетін. Ағам бір мәрте полицияға да барған еді. Бірақ Шардарада біздің қожайынға қарсы келер жан жоқ, - дейді ол.

Оtyrar.kz-тің мәліметінше, «әйелдің қожайын деп отырғаны - Шардараның ішкі істер бөлімінде лауазымды қызметтер атқарған офицер». Ал 3 жасында құлдыққа түскен Никита да түнде құм тасып, күндіз мал қора тазалаған.

Қазір күдікті мен оның үш серігіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Жедел уәкілдер притон ұйымдастырған күдіктінің үйін тінту кезінде әйел құлдықта болғанын айтты. Қазір қылмыстық іс бойынша әйелдің уәждерін полиция тексеріп жатыр. Ол дағдарыс орталығына орналастырылды, - деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова.

Күдікті деп танылған ер адамға қатысты жер қойнауын заңсыз өндіру бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды