Шымкенттік белсенді Қайрат Нұртастың атағын тартып алуды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 18:20
14967
Шымкенттік белсенді Қайрат Нұртастың атағын тартып алуды талап етті бейнежазбадан алынған кадр

Әншілігі үшін дейін десең ешқандай халықаралық жүлде алмаған «фонограмщик» дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қоғам белсендісі Рүстем Әшетаев әнші Қайрат Нұртастың Шымкенттің құрметті азаматы атағын қайтарып алуды талап етті. 

Бұл той әншісіне 2019 жылы «ғайыптан» Шымкенттің құрметті азаматы деген атақ берілді. Кімнің ықпалымен берілгені белгілі ғой. Оны ұсынған адамның көңілін қимай сол кездегі мәслихат депутаттары қолдап бекітіп берді.  Негізі бұл атаққа ұсынылатын үміткерлерді белгілі бір критериялар арқылы іріктеледі. Әрі өз талаптары бар. Бұл әншіні қандай «ерен еңбегі» үшін берілгені маған жұмбақ. Әншілігі үшін дейін десең ешқандай халықаралық жүлде алмаған «фонограмщик». Қайырымдылық жасаумен аты шықпаған. Нақты қаламыз бен халқымызға тигізген ешқандай пайдасы жоқ. Қаламызды дамытуға қосқан үлесі болса бір сәрі тым құрығанда. Ондай пайдасы тиді деп те айта алмаймын, - дейді ол.

Рүстем Әшетаев мұндай атақтың не себепті берілгенін сұрады.

Сонда бұл тойдың әншісіне бай-шонжарлардың тойында ән салғаны үшін берілді ме?! Тойға шықса ақшаға шықты. Әлде, қала мен мектептерде тегін концерттер берді ме?! Не үшін берілді бұған сонда?! Әлде, жастарға үлгі деп берді ме? Үлгі деп берген болса, ол үлгі болып жүр ме қазір? Олай болса үлгі емес қазір деп бұл атағын кері қайтару керек. Оған қазіргі мәслихаттың толық құзіреті бар. Кезінде кеткен қателікті түзететін уақыт келді. Бұлардікі рахат екен. Бұзақылық жасап ана жаққа «кіріп-шығеп», онысынан ұялмастан ыржалақ-ыржалақ етіп әзілін айтып әнін шырқап жүре беретін. Негізі бұл атақтың құны өте жоғары. Оған өз саласының ең лайықтысы, қалаға әбден еңбегі сіңген деп қоғамда мойындалған азаматтарға ғана бұйырады. Ал мынандайларға беру арқылы біз бұл абыройлы атақтың құнын қолдан түсіріп жатырмыз. Ал бұл атақтың абыройын асқақтатуымыз үшін осындайлардан қайтадан кері қайтаруымыз керек. Бұл атақтың абыройын осылай ғана көтереміз, - дейді белсенді.

Ол алдағы уақытта үміткерлерді іріктеу кезеңі қатаң жүретінін атап өтті.

Әрі келесі жолы үміткерлерді іріктерде ойланатын боламыз. Бұл сабақ болады. Оның «еркелігін» тойдағы фанаттары тойда көтере берсін. Есті қоғам әрдайым әділдік жағында болуымыз керек. Бұл барлық облыс, қала, аудандарға тиесілі ортақ мәселе. Түбіндегі ойы ортақ. Қайрат жәй ғана тілге тиек, мысал ғана!, - деді әнші.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған