Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі болды
Жер сілкінісі 11 шілдеде сағат 23:24-те тіркелген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түнде Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі 11 шілдеде Астана уақыты бойынша 23:24-те тіркелген.
«Эпицентрі Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 3,7», - деп жазылған мәліметте.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші