Маралдыда "алтын өндіретін фабрикаға баса-көктеп кірді" деп айыпталған тұрғындардың ісі тоқтады

12.07.2024, 09:45
1059
Маралдыда "алтын өндіретін фабрикаға баса-көктеп кірді" деп айыпталған тұрғындардың ісі тоқтады Azattyq

Алтын өндіретін фабрикаға қарсы шыққандардың үстінен қозғалған қылмыстық ісі тоқтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының іргесінде салынып жатқан алтын өндіретін фабриканың аумағына "заңсыз кіріп, қызметкерлерге күш көрсетті, компания мүлкін бүлдірді" деп айыпталған 6 адамға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтады. Істі қараған Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық сотының судьясы бүгін, 11 шілдеде осындай шешім шығарды. Бұл туралы Azattyq жазды.

8 мамырдан бері Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған 4 адам мен үйқамақта отырған 2 адам бірден сот залынан бостандыққа шықты.

Оларға сот процесі барысында жәбірленуші тарап, яғни компания қызметкерлері "кешірім берген". Кәсіпорынға келген шығын сомасы деп көрсеткен 6 млн теңге шамасындағы қаражатты алудан да бас тартты. Бұған дейін, 3 шілдедегі сот отырысында айыпталушылар істеген істерін "мойындайтынын" айтып кешірім сұраған, сол кезде судья екі жақтың адамдарына татуласуға уақыт берген.

— Осындай тоқтамға келдік. Олар (айыпталушылар - ред.) біраз уақыт жұмыссыз жатып қалды. Сондықтан өздеріне қажет қаражаттарын жинап алуларына мүмкіндік берейік деген ниетпен біздің кәсіпорын олар берген ақшадан бас тартты, — деді кешірім бергеннен кейін судья жариялаған үзіліс кезінде журналистерге пікір айтқан компания өкілі Зухра Албаева.

Сот үкімінен кейін айыпталушылар журналистерге пікір беруден бас тартты. Олардың туыстары "кешірім бергендерге алғыс айтамыз" деді.

Биыл 8 мамырда Маралдының тұрғындары мен осы ауылда туғандар, жиыны 100-ден астам адам алтын өндіретін фабрика аумағына барып, құрылысты тоқтатуды талап еткен. Сотта айтылған ақпаратқа қарағанда, олар алдарынан кәсіпорын басшылығы шықпаған соң өздері ішке кірген, кейбіреулері жұмысшыларға "қол жұмсап", "күшпен қуып шығып", "компания мүлкіне зиян келтірген".

Бұл күні фабрика аумағына арнайы жасақ кірген еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды