Қазақстанда 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2024, 16:57
744
Қазақстанда 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді бейнежазбадан алынған кадр

Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуі кезінде өткізіледі. Бес ай, яғни маусым мен қазан аралығында полицейлер қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына өтіп, жабайы қарасораны отырғызу және жинау орындарын, плантацияларды анықтап, каннабис тобының заңсыз қорларын дайындаушыларға тосқауыл қояды», – деп хабарлады ІІМ

Полиция қызметкерлері операция басталғалы бері ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылды.

Мәселен, Алматы облысының аумағында қарасора өсіру фактісі анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асты. Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді. Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды.

«Екі есірткі сатушысы анықталып, олардан жарты тоннадан астам марихуана тәркіленді. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған азамат ұсталды. Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден астам мефедрон табылды. Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленді», – деп мәлімдеді ведомство.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды