«4 жылда 346 мың ғана төлеген»: заңгер Абай Бегейдің қызы салықты дұрыс төлемегенін әшкереледі (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2024, 19:15
2659
«4 жылда 346 мың ғана төлеген»: заңгер Абай Бегейдің қызы салықты дұрыс төлемегенін әшкереледі (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков заңсыз лотерея ойнатып жүр деп айыптаған әнші Абай Бегейдің қызының тағы бірі ісін ашты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер жеке кәсіпкер болып тіркелген Гүлеркем Ниязқұлова 2021 жылдан бері өте аз мөлшерде салық төлегенін әшкереледі. 

“Салықтан жалтару – қылмыстық іс. ҚР Қылмыстық кодексінің 244 бабы-Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы. Абай Бегейдің қызына қатысты іс сотқа жеткенін айттық. ИП Ниязқұлова 2021 жылдан бері 346 мың ғана салық төлеген. Салық төлеп жатырмыз деп өздері де айтып жүр. Егер заңды түрде лотерея ойнатуға рұқсат қағазы болмаса, заң бұзған болып есептеледі. Өздері де лотерея ойнатқан сайын, “300-400 миллион табамыз” деп мақтанып жүр. Үш жылда 346 мың теңге төлеу әділетті ме? Салық төлемі бойынша ресми құжатты ел алдына көрсетуді сұраймыз”, – деді заңгер.

Айта кетейік, Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұловаға қатысты іске қатыстырған заңгерге ренішін жеткізген еді. 

“Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?!”, – деген еді әнші. 

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған