«Енді орамалға келсең»: Алакөлде жабық киіммен шомылған Аша Матайды жұрт ерекше мақтады (ФОТО)
Купальникпен ашық жүргендерден артық деді оқырман.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Аша Матай отбасымен Алакөлге демалысқа барды.
«Алакөлге барып, отбасымызбен әдемі демалып қайттық.. Аллаға сансыз шүкір!», - деп жазды әнші.
Отбасының шетелге емес, өз елімізде демалғаны жұртты қуантты. Тіпті Ашаның жабық киінуі көпшілікті сүйсінтті.
«Ашаны қарапайымдылығы үшін жақсы көремін», «Енді орамалға келсең болды, Ин ша Аллаһ», «Киімді дұрыстап киеді. Көріп жатырмыз неше біреуін купальникпен жүргендерін. Ашаның осы жері ұнайды», «Дұрыс, өз еліміздің демалыс жеріне барғандарыңыз», «Басқаларға үлгі болсын», - деп жазды оқырмандар.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор