«Асылып өлемін деді»: Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлы туралы (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.07.2024, 17:23
16749
«Асылып өлемін деді»: Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлы туралы (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Танымал продюсер Қайрат Нұртас туралы жаңа жазба жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер, әйгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы ерекше жазба қалдырды.

Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында қамауда жатқан ұлы туралы жазды.

Шыда

Арманыңа асығасың
Тасынасын басыласың
Әр адамның жайы осылай
Кімнен нені жасырасың

Өмір, өмір, өмір деген
Кімге бақыт, кімге қайғы
Кейде гүлдеп көңіл деген
Кейде ойды мұң қамайды

Бул өмірдің сынағы көп
Шыда бірақ шыда жүрек
Ертеңіңнен күдер үзбе
Жаным бүгін жылады деп…

Бір кездері осы әннің сөздерінің біраз жерін өзгертіп, өзім жазып беріп едім, есіме түсіп отырғаным. Кім ойлаған бір кездері осы әннің мұңым мен сырыма айналарын. Алғаш айтылған әндерінің ең болмағанда бір куплетін өзгертіп жазғандарым өте көп, жүректен жүректерге жеткізетін сөздеріне көп мән беретінмің. Бірақ балам білмейтін, ақындар солай жазған деп ойлайтын.

Продюсер ұлының әні тыңдармандардың өмірін аман алып қалғанын да жаза кетті.

Әуелетіп салған қоңыр дауысымен көрермендердің жүректерінің түп тамырына жеткізіп айта алды деп ойлаймын. Себебі бір әйел жазған болатын, өмірден түңіліп, асылып өлемін деп арқан дайындап, сырт көзбен бала-шағаммен қоштасып тұрғанымда, осы әнді көршілердің үйінен айқайлатып қойғанын тыңдап, өзімді тоқтаттым, маған Қайраттың әні өмір сыйлады деп. Кім білсін, бәлкім ол кісі оқып та отырған болар… Иә, шүкір еттім ең бастысы басы аман, Алла абыройынан айырмасын!, - деп жазды продюсер.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады